ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2021 | 10:03
Ливия жағалауында 75 босқын суға батып кетті
Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам босқын Жерорта теңізіне Ливия жағалауынан батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропаға қайықпен бара жатқан 75-тен астам босқын Жерорта теңізіне Ливия жағалауынан батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) Ливиядағы кеңсесі Twitter парақшасында Еуропаға қайықпен жетпек болған 75-тен астам босқын Ливия жағалауында суға батып кеткені туралы хабарлама жариялады. Министрліктің мәліметінше, тағы 15 адамды балықшылар құтқарып, жағаға шығарған.
Ұйым биыл Жерорта теңізінде 1300-ден астам босқынның қаза тапқанын атап өтті.
Еске салайық, 2011 жылы Ливия басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін Ливия іс жүзінде біртұтас мемлекет ретінде жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге бұл ел Еуропаға барғысы келетін заңсыз босқындардың транзиттік нүктесіне айналды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также