ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2021 | 18:01
"Лохотрон" - Песков Навальный түсірген "Путиннің сарайы" фильмі туралы
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Алексей Навальныйдың "Дворец для Путина" фильміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Алексей Навальныйдың "Дворец для Путина" фильміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл Владимир Путинге арналған тағы бір "ақпараттық шабуыл" және "жалған зерттеу". Кремльдің баспасөз хатшысының бұл сөздерін Mash Telegram арнасы келтірді.
Айта кетейік, "Дворец для Путина" фильмі 21,6 миллион рет қаралған. Фильмге 400 мыңнан аса пікір жазылып, Путиннің жақтастары да, Навальныйдың жақтастары да пікір білдірген. Біреулер тіпті әзілдепті. "Путиннің әжетханасындағы орындық пәтеріңнен қымбат болғанда", "Окей, Гугл: Путиннің туысқаны болудың жолы бар ма?" депті қолданушылар.
"Біз Мемлекет басшысына дайындалып жатқан "ақпараттық шабуылдар" туралы білеміз. Ондай шабуылдар осыған дейін де болды және өкінішке қарай, әлі де жалғасады. Бұл жағдайда Президент жоқ нәрсені өз меншігіне алады", - деді Песков Навальныйдың "Дворец для Путина" фильмі жарияланғаннан кейін.
Кремль Навальный түсірген "Путиннің сарайы" туралы фильміне қатысты пікір білдірді
Песков видеода жаңашылдық жоқ екені айтады. Ол бұл тақырып осыдан 3-4 жыл бұрын талқыланып қойғанын айтты.
"Белгілі бір сарайдағы бассейнге жүзіп жүрген Путин келтіріледі. Енисейде жүзіп жүрген Путиннің кадрлары әлемді шарлайды. Бірақ бұл құрғақ мәлімдеме.
Осы "керемет" материалдың соңында ақша аударуды сұрайтын шоттар көрсетіледі. Менің ойымша, бұл - осындай материалдар мен осындай жалған зерттеулердің басты міндеті. Бұл лохотронның өзі. Біз барлықтарыңызға ескертеміз, әсіресе фильм осындай қаралым жинаған соң: осындай алаяқтарға ақша аудару алдында ойланыңыз, өйткені халықтан ақша алатын алаяқтардың мұндай әдістері үнемі жетілдіріліп отырады", - деді Песков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также