Лондон полициясы терактіге қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды

Полиция Лондонны? шы?ыс б?лігінде ел астанасында теракт ?йымдастыру?а ?атысы бар 18-ші к?діктіні ?амау?а алды - ол 29 жаста?ы ер адам. Оны? п?терінде тінту ж?мыстары ж?ргізілді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Полиция Лондонның шығыс бөлігінде ел астанасында теракт ұйымдастыруға қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды - ол 29 жастағы ер адам. Оның пәтерінде тінту жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Daily Mail.

BBC мәліметінше, қазіргі уақытта қамауға алынғандар саны - бесеу, қалғандарының барлығын полиция айып тақпастан босатып жіберген.

The Sun мәліметінше, микроавтобус бір топ адамды қаққан. Кейін көліктен 30 сантиметрден асатын пышақ ұстаған үш адам көшедегілерге шабуылдаған. Салдарынан кем дегенде 7 адамның қаза тауып, тағы 48-і жарақат алды.

Реклама
Реклама

Кейін Лондонның полиция басқармасы Лондон көпірінің маңындағы Боро базарында адамдарға пышақпен шабуыл жасалғанын растады. Скотланд-Ярд та Воксхолл ауданында үшінші оқиғаның болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуылдаушылардың көзін жойды. Полиция жексенбі күні күндізгі уақытта осы іске қатысы бар 12 адамды ұстады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама