Лондонда жарты метрлік егеуқұйрық табылды

© Tony Smith/SWNS.com

Лондондағы балалар алаңында ұзындығы жарты метр болатын егеуқұйрық табылды, - деп хабарлайды Lifenews

Басылымның мәліметінше, төрт жасар баладай болатын егеуқұйрық Лондонның солтүстік бөлігіндегі балалар алаңында табылған. Ірі кеміргішті 46 жастағы инженер Тони Смит пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда көріп қалған. Өлі егеуқұйрық ойын алаңының маңында жатқан.

Тони Смит егеуқұйрықты қоқыс шелегіне тастағысы келген, алайда оны суретке түсіріп алуды жөн көріпті. Суреттегі егеуқұйрықты оның досы электрші Джеймс Грин ұстап тұр. Айта кетейік, жануардың салмағы 11 келі.  

Реклама
Реклама

"Өмірімде мұндай үлкен егеуқұйрықты көрмеппін. Мысығым да, джек-рассел-терьер тұқымды итім де бар, бұл егеуқұйрық сол итім мен мысығымды қосып алғанда да ірі көрінеді", - деді Тони.

Инженер Лондонның бұл ауданында егеуқұйрықтардың қаптап жүргенін, оларға у тасталғанын айтып берді. Соған қарағанда мутант-егеуқұйрық сол уды жеп қойғаннан кейін өлген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама