ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 10:05
Лондондағы теракт: шабуылдаған адамның кім екені белгілі болды
Лондон көшелерінде адамдарды пышақтап, артынша полицейлердің қолынан қаза тапқан террористің кім екені туралы мәліметтер пайда болды. Судеш Амман осы оқиғаға дейін екі күн бұрын түрмеден шыққан екен, - деп хабарлайды DailyMail.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Лондон көшелерінде адамдарды пышақтап, артынша полицейлердің қолынан қаза тапқан террористің кім екені туралы мәліметтер пайда болды. Судеш Амман осы оқиғаға дейін екі күн бұрын түрмеден шыққан екен, - деп хабарлайды DailyMail.
20 жастағы Судеш Амман 2018 жылы желтоқсанда 3 жыл 4 айға сотталған. Ол кезде Судеш терроризмге қатысы бар құжаттарды сақтап, таратқанын мойындаған. Ол WhatsApp мессенджері арқылы терроризмді насихаттаған. Судеш Амман екі жыл бойы лаңкестік әрекетін жасауды жоспарлағаны айтылады.
Ер адам Лондондағы лаңкестік шарасына дейін екі күн бұрын түрмеден шыққан. Ұлыбритания заңы оны ары қарай түрмеде ұстауға тыйым салған.
Судеш Амман 40 жастағы ер адамды және велосипед мінген 50 жастағы әйелге пышақ ұрған. Зардап шеккен екі адам да қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Тағы бір әйел жеңіл жарақат алды, болжаммен полиция оқ атқан кезде жарылған шишаның бір бөлігі тиген. Амманды полицейлер дәріхана маңында атып өлтірді. Қаруланған террористің үстінде өзін-өзі өлтірушінің жалған жилеті болғаны айтылады.
Осыған дейін, лондондық террористің мачетемен қаруланғаны айтылды. Полиция осы оқиғаны теракт ретінде қарастырып жатыр.
Показать комментарии
Читайте также