Лукашенконың көмекшісі парамен ұсталды

Иллюстрациялық сурет ©РИА Новости

Беларусьте президентті? к?мекшісі - Гордиенск облысыны? инспекторы Сергей Ровнейко ?сталды. Б?л туралы елді? Мемлекеттік ?ауіпсіздік ?ызметі м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Беларусьте президенттің көмекшісі - Гордиенск облысының инспекторы Сергей Ровнейко ұсталды. Бұл туралы елдің Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша өткізілген операция нәтижесінде 200 000 доллар көлемінде ақша бопсалап, оны алу кезінде Беларусь Республикасы президентінің көмекшісі - Гордиенск облысының инспекторы Ровнейко Сергей Васильевич ұсталды", - делінген хабарламада.

Ровнейко бірнеше рет пара алу дерегіне қатысты құқық қорғау органдарының назарына бір жыл бұрын ілінгені хабарланып отыр. Лукашенконың рұқсатымен лауазымды тұлғаның заңбұзушылық қызметін құжаттау үшін жедел-іздеу шаралары өткізілген. 

Реклама
Реклама

"Кезекті пара алу оқиғасы кезінде қолында ақша ұстаған сәтте ұсталды. Оған қатысты Беларусь Республикасы ҚК-нің 430-бабының 3-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторын қамалды. Қазір ол кінәсін мойындап жатыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп атап өтті елдің МҚҚ өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама