17 қараша 2019 18:00

Лукашенко 2020 жылғы президенттік сайлауға түседі

Камила Долаева Журналист

Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко келер президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко келер президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен саусақтарым көгергенше бұл креслоны ұстап отырмаймын (президенттік - ред.)", - деп мәлімдеді Лукашенко жексенбіде Минскіде 2020 жылы болатын президенттік додаға қатысуы туралы сұрақтарға жауап беріп. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ол белорустардың осы лауазымға өз кандидатурасын ұсынуын дұрыс деп санайтынын және оған тек халықтың қарсы шыға алатынын айтты. 

"Сұрамасаңыздар, мен кандидатурамды ешқашан алмаймын... Мен өзімді ұсынамын", - деді Лукашенко журналистерге.

Лукашенко, сондай-ақ, 2020 жылғы президенттік сайлау жазда өтетінін мәлімдеді.

"Тамыздың аяғы - соңғы мерзім. Менің ойымша, осы жазда бұл сайлау өтеді", - деді ол.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram