17 қыркүйек 2020 | 08:45

Лукашенко Батыстың Беларусьті жою жоспарының жеті кезеңін атады

© Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко 16 қыркүйекте республиканың саяси активімен кездескенде Беларусьті жоюды көздейтін жеті кезең сценарийін атады, - деп хабарлайды БЕЛТА.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко 16 қыркүйекте республиканың саяси активімен кездескенде Беларусьті жоюды көздейтін жеті кезең сценарийін атады, - деп хабарлайды БЕЛТА.

Лукашенконың айтуынша, соңғы он жыл ішінде сыртқы агрессорлар қазіргі "Ч" уақытына дайындалған.

Реклама
Реклама

"Бірден маскасын шешу үшін ойыншылардың атын айтайық. Ең алдымен бұл - АҚШ, нақтырақ айтсақ - олардың демократия деп аталатын қор желісінің қолдауы. Еуропа құрлығында америкалық қолшақпарлар: Польша, Литва, Чехия және өкінішке қарай, біздің Украина көмектесті", - деді мемлекет басшысы.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Содан соң президент бұл сценарийді іске асыратын жеті кезеңді атады.

1. Дайындық.
2. Парламент саулауы.
3. Президент сайлауына дайындық.
4. Президент кампаниясы.
5. Майдан сценарийін ұйымдастыру.
6. Сайлаудан кейінгі наразылық.
7. Өзгерістердің инфрақұрылымын заңдастыруға дайындық.

"Сегіз күнде 2 адам өлі табылды". Беларусьтегі жаппай тәртіпсіздік

Сондай-ақ, Лукашенко елдегі құқыққорғаушылар наразылықтың күшеюін басқанын атап өтті.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная