ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2020 | 09:27
Лукашенко елді қирататындардан қауіптенетінін айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко билікті емес, ел қирай ма деп уайымдайтынын атап өтті, - деп хабарлайды БЕЛТА.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Беларусь президенті Александр Лукашенко билікті емес, ел қирай ма деп уайымдайтынын атап өтті, - деп хабарлайды БЕЛТА.
"Мен тек бір мәселеге алаңдаймын: біз ширек ғасыр бойы өз қолымызбен құрғанды қорғағым келеді. Біз бұл елді күл мен қираған үйіндіден көтердік", - деді Лукашенко.
Президент өзін миллиондаған адам қолдайтынын және билікке басқа күш келіп, сол адамдар мен балаларына күн көрсетпейтінен қауіптенетінін атап өтті.
"Мен бәрінен бұрын соны уайымдаймын. Ресейде бір адамдар айтқандай билік емес: "Лукашенко билік үшін берілмей отыр" дегендей. Олай емес. Мен империя қирағаннан кейін құрған елімді бөлгенін және сол үшін еңбек еткен адал адамдардың зардап шеккенін қаламаймын. Бұл қырғын болады. Украинада болған жағдай түк болмай қалады", - деді Беларусь президенті.
Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?
9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өтті. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болды. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған. Содан бері наразылық шаралары жалғасып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также