23 қыркүйек 2020 | 15:13

Лукашенко инаугурацияны жасырын өткізді - БАҚ

Фото: m.infox.ru

Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары Александр Лукашенко инаугурацияны жасырын өткізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары Александр Лукашенко инаугурацияны жасырын өткізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

TUT.by порталының мәліметінше, осы уақытта инаугурация рәсімі Минискідегі Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Конституцияға оң қолын қойып, Александр Лукашенко Беларусь тілінде ант берді. Кейін ол ант беру туралы актіге қол қойды. Осыдан соң Беларусьтің сайлау және республикалық референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасы президентінің куәлігін табыс етті", - деп жазды авторлар.

"Пул первого" Telegram-каналы Тәуелсіздік сарайынан фото жариялады.

"Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Беларусь бұқаралық ақпарат құралдары инаугурация рәсімі қашан өтетінін хабарламаған еді. Ұлықтау рәсімінің аңдатпасы болмаған. Алайда бұл шараның өтетіні туралы түрлі қауесет тарады: 23 қыркүйекте таңертең Минскідегі Тәуелсіздік сарайының маңында техника мен әскерилер жиналды. Тәуелсіздік даңғылы да жабылды. Даңғылдың бойымен Лукашенко кортежі жүріп өтті.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная