24 ақпан 2022 | 16:39

Лукашенко қажет болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге уәде берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайды, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко әскерилермен өткен жедел кеңесте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Біз бұл қақтығысқа қатысамыз ба, жоқ па дегенге қазірше жауап бере алмаймын. Дәл қазіргі сәтте біздің әскер ол қақтығыста жоқ. Бірақ алдағы уақытта Беларусь пен Ресейге қажет болса барады, қақтығысқа қатысады", - деді ол.

Александр Лукашенко Украина қақтығысты қалайтынын, себебі оны алдын алу үшін ештеңе жасамағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан жасырылған барлық дерек олардың (Украина. - Ескерту) бұл қақтығысты қалағанын айғақтайды. Себебі оны болдыртпау үшін ешнәрсе істемеді. Олар үнемі шиеленіскен нәрсені одан ары шиеленістіре түсті. Тіпті бұл республикалар (Донбасс -) тәуелсіздігін мойындағаннан кейін де", - деп Лукашенконың сөзін Белта агенттігі келтірді.

Беларусь президенті сондай-ақ Украина жеңілген тарап ретінде Ресейдің талаптарын орындау керек деген пікір білдірді.

"Иә, олар (талаптар - еск.) Украинаға қатысты қатал болады. Егер жеңіліп қалса, не болады? Әрине, жеңімпаз өз талабын айтады. Бұл жағдайда Украина үшін бір талапты орындаған соғыста жеңілгенінен әлдеқайда жақсы болады", - деді Беларусь президенті әскери қызметкерлермен жедел кездесуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram