18 тамыз 2020 09:22

Лукашенко қандай жағдайда жаңа президент сайлауы өтетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Беларусь президенті Александр Лукашенко елде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін президент сайлауы өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Беларусь президенті Александр Лукашенко елде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін президент сайлауы өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге жаңа Конституция қабылдау керек. Ол референдумда қабылдануы керек, өйткені біз бұрынғы Конституцияны референдумда қабылдадық және жаңа Конституция бойынша, егер қаласаңыз, Парламент, Президент және жергілікті билік органдарын сайлаймыз", - деді Лукашенко "Беларусь 24" телеарнасының" эфирінде.

Еске салайық, Беларусь президентінің сайлауы 9 тамызда өткен болатын. Осы күннен бастап елде наразылық акциялары тоқтамай тұр, мыңдаған адам ұсталды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер бар.

Ресми мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың 80,1 пайызы Лукашенкоға, 10,1 пайызы Тихоновскаяға дауыс берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети