Лукашенко: Қазақстанды Беларуське тартуымыз керек

Фото: korrespondent.net

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен өндірістік байланысты нығайту өте маңызды екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен өндірістік байланысты нығайту өте маңызды екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Беларусьтің Қазақстандағы жаңа елшісі Павел Утюпинге тапсырма берді. Ол жаңа елші қос ел арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық байланысты дамытады деген үмітте екенін жеткізді.

"Мен Президентке (Қазақстан - ред.) өте ақылды және әдепті адам келеді деп ант бердім. Бұл сала біз үшін өте маңызды. Сондықтан демалуға бара жатырмын деп ойламаңыз. Біз Қазақстанды Беларуське тартуымыз керек. Бізде ауыл шаруашылық техникаларын жасау саласы дамыған. Оларда жоқ тиісті құзыреттер бізде бар", - деді Лукашенко.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Павел Утюпиннің өнеркәсіп саласындағы тәжірибесі Қазақстанмен сауданы кеңейту мәселелерін шешуге көмектеседі.

"Ел де, халық та қызық, ал жұмыс көп", - деді Беларусь президенті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама