18 қыркүйек 2020 | 08:49

Лукашенко Литва, Польшамен шекараны жабатынын айтты

Фото: Вадим Замировский, TUT.BY

Беларусь армиясы Литва, Польша және Украинамен мемлекеттік шекарада әскерилерді жұмылдыруға мәжбүр, - деп хабарлайды TUT.BY. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь армиясы Литва, Польша және Украинамен мемлекеттік шекарада әскерилерді жұмылдыруға мәжбүр, - деп хабарлайды TUT.BY. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

"Соғыс басталмай тұрып олардың арсеналында аздаған тәсіл қалғанын түсініп отырмыз. Сондықтан әскерді көшеден алып кетуге мәжбүрміз. Бұған дейін айтқанымдай, армияның жартысына қару беріп, батыстағы шекараны, ең алдымен Литва және Польшамен мемлекеттік шекараны жабу керек", - деді Лукашенко "Минск-Аренада" өткен "Беларусь үшін" әйелдер форумында. 

Реклама
Реклама

Ол Литва, Польша және Украина халқына үндеу жасады.

"Ақылсыз саясаткерлеріңізді тоқтаңыздар, соғыстың басталуына жол бермеңіздер", - деді Беларусь басшысы.

Сондай-ақ Лукашенко Украинамен шекарада да әскер күшейтілетінін атап өтті.

"Өкінішке қарай, біз бауырлас Украинамен де шекараны күшейтуге мәжбүрміз", - деді президент.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram