03 шілде 2022 | 10:43

Лукашенко Орталық Азия алып елдердің тартыс алаңы болатынын айтты

Александр Лукашенко. Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі

Беларусь президенті Александр Лукашенко таяу уақытта Орталық Азияда екі күштің: бір жағынан АҚШ пен Еуроодақ, екінші жағынан Қытайдың үстемдік үшін күресі басталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Лукашенко тәуелсіздік күніне орай Минскіде өткен салтанатты жиында осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларусь президенті Александр Лукашенко таяу уақытта Орталық Азияда екі күштің: бір жағынан АҚШ пен Еуроодақ, екінші жағынан Қытайдың үстемдік үшін күресі басталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Лукашенко тәуелсіздік күніне орай Минскіде өткен салтанатты жиында осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА басылымына сілтеме жасап.

Жыл басында Лукашенко Қазақстандағы қаңтар оқиғаларынан кейін арандатудың келесі нүктесі Өзбекстан болуы мүмкін деп болжаған еді.

"Өзбектерге көптеген дерек келтірдік, саммиттердің бірінде айтқанымда олар тіпті ренжіген еді. Кеше не болды? Қарақалпақ Республикасы, Өзбекстанның жартысына жуығы, Конституцияда бір нәрсе дұрыс көрсетілмей көтеріліп кетті. Жоқ! Енді бүгін шетелдіктер қол сұқты дей бастады..." - деді 2 шілдеде Беларусь басшысы.

Реклама
Реклама

"Орталық Азия, біз сияқты, екі оттың арасында қалды: бір жағынан еуропалықтар, америкалықтар, ал екінші жағынан - Орталық Азияның аман қалуына қатты көмектесіп жатқан Қытай. Бұл тартыс таяу уақытта Орталық Азияда болады. Мұның белгілері қазірден байқалады", - деді Лукашенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная