ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 16:00
"Маған билік керек емес". Атамбаев мәлімдеме жасады
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митингіге қатысушылардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды 24.kg.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев митингіге қатысушылардың алдында сөз сөйледі, - деп хабарлайды 24.kg.
Оның айтуынша, егер оған билік керек болса, онда ол екінші рет осы қызметте қалар еді.
"Мені көптеген адам, соның ішінде басқа елдердің, тіпті Еуропа елдерінің президенттері де көндірді. Мен билікті бейбіт жолмен беру үшін арнайы прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Жастар, сіздер маған балаларым сияқтысыздар. Мен 2010 жылы да уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені еш жерде заңсыздық болмауы керек", - деді ол.
Сондай-ақ, Атамбаев ақша таратпайтынын айтады.
"Мен түрмеден енді шықтым. Әйелім Раяның барлық шотына тыйым салынған", - деді Атамбаев.
Еске салайық, мұның алдында Атамбаевтың Бішкектегі митингіге келгені хабарланған еді. Наразылық акциясына Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков және Омурбек Бабанов қосылды. Олар жиналған жұрттың алдында сөз сөйледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также