03 қаңтар 2019 10:20

Магнитогорскідегі апат: Қаза тапқандар саны 36-ға жетті

Магнитогорскіде үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның алтауы - балалар.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Магнитогорскіде үйдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости. Оның алтауы - балалар.

Құтқарушылар іздеу жұмыстарына кедергі келтірген ең қауіпті қабырғаны бұзды. Соның арқасында басқа да қайтыс болған адамдардың денесін алып шығу мүмкін болды. 

Реклама
Реклама

Қайтыс болған 21 адамның кім екені анықталып, мәйітханаға жеткізілді. 

"Қаза тапқандар саны 36-ға жетті, үйінді арасындан ер мен әйелдердің денелерін алып шықты", - деді РИА Новости сұхбаттасушысы. 

Еске салайық, осыған дейін 31 желтоқсанда таңғы уақытта Магнитогорскіде Карл Маркс даңғылының бойындағы 164-ші он қабатты үйде алдын ала мәлімет бойынша газ жарылып, салдарынан бір кіреберіс опырылған. Апат болған аймақта 120 адам тұрып жатқан. ТЖМ соңғы мәліметінше, оқиға салдарынан 19 адам қаза тапқан, оның ішінде екі бала бар. Тағы 22 адам іздестіріліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram