Мәйітханада оянған ер адам ауруханада көз жұмды

© Daily Mail

Үндістанның Мумбай қаласындағы мәйітханада оянған ер адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Metro. Қазіргі кезде полиция оқиғаны тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 50 жастағы ер адамның мәйітханада оянғаны хабарлаған болатын. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам автобус аялдамасынан ес-түссіз күйінде табылған. Дәрігер тексергеннен кейін оның өлгенін айтып, мәйітханаға апаруды тапсырады. Ер адам жеткізілген аурухананың қызметкері оның ішімдікті көп ішкенін, оның бетінде теріні жеп тастаған құрттардың таблғанын айтты. Болжам бойынша, ер адам бір орында 6-7 күндей жатып қалған. Дәрігердің ер адамның тамырының соғуын, демі мен жүрек қағысын тексергені белгілі болды.

Қазір аурухана басшылығы ер адамның толық тексерістен өткізілместен мәйітханаға жіберілу себебін анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама