ПОДЕЛИТЬСЯ
18 сәуір 2017 | 12:17
Макгрегор түндік ақысы 400 мың доллар болатын қонақүй бөлмесінің күл талқанын шығарды
ММА чемпионы Конор Макгрегор достарымен бірге Ливерпуль қаласында қонақүйлердің біріндегі бөлменің күл талқанын шығарды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ММА чемпионы Конор Макгрегор достарымен бірге Ливерпуль қаласында қонақүйлердің біріндегі бөлменің күл талқанын шығарды.
Әдеттегі көңіл көтеру кештерінің бірінен кейін нөмірдің еденінде шөлмектер мен темекі тұқылдары шашылып жатқан. Сонымен қатар, диван мен басқа да жиһаздар бүлінген. Ирландиялық спортшы осы қоқысты тазалау үшін адам жалдауына тура келген. Сол қонақүйдегі нөмірдің бір түндік ақысы 300 мың фунт стерлинг тұрады (400 мың долларға жуық), - деп жазады The Sun.
Осыған дейін Макгрегор Ливерпуль қаласындағы ипподромға сутенердің костюмінде келген. Сондай-ақ ирландиялық спортшы жалға алған көліктердің бірін қиратқан.
Показать комментарии
Читайте также