16 қыркүйек 2021 09:09

Макрон ДАИШ басшысының көзі жойылғанын хабарлады

Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ ("Ислам мемлекеті" - Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" жетекшісінің көзін жойғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Макрон "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" тобы басшысының көзі жойылғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Француз әскерлері "Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының басшысы Аднан Абу Валид әл-Сахрауидің көзін жойды. Бұл - Сахельдегі террористік топтарға қарсы күресімізде болған тағы бір үлкен жетістік", - деп жазды Франция президенті.

Реклама
Реклама

Бұған дейін ДАИШ-тің он мыңдаған содыры Орта Азия елдерінің шекарасына қарай көшкені хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram