Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Малайзия ұшағын іздестіру жұмыстары соңғы рет жүргізіледі

27 Сәуір 2014, 12:23
0
Арнайы аппарат  Bluefin
Арнайы аппарат Bluefin

Malaysia Airlines компаниясының із-түзсіз жоғалып кеткен Boeing 777 ұшағына қатысты су астынан автоматты түрде мәлімет іздеуші Bluefin-21 аппараты бүгін соңғы мәрте іздеу жұмыстарын жүргізеді деп хабарлайды  Росбалт  Үйлестіру орталығына сілтеме жасай отырып.

Өткен аптадан бастап автоматты аппарат арқылы іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан сүңгуір қайық қазірде болжамды аймақтардың 95 пайызын зерттеп болды. Енді 10 шақырымдық аймақта ғана іздестіру жұмыстарын жүргізіп  27 сәуір яғни бүгін сол аймақтарды ғана іздестіру қалды. Бұдан кейін арнайы аппаратпен жабдықталған сүңгуір қайық іздеу жұмыстарын тоқтатады. 

Еске салайық, 8 наурыз күні Malaysia Airlines компаниясының Боинг-777 ұшағы із-түзсіз жоғалған болатын. Ұшақта 239 жолаушы болған. 24 наурыз күні Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак ұшақтың Үнді Мұхитына құлауы мүмкін екенін айтып, осыған қатысты іздестіру жұмыстары басталған еді. Болжам бойыша ұшақтағы жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмаған деп айтылуда.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай