28 мамыр 2021 | 09:39

Малидегі әскери төңкеріс жетекшісі өзін президент деп жариялады

@Reuters

Малидегі әскери төңкеріс жетекшісі полковник Ассими Гойта өзін президент деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Малидегі әскери төңкеріс жетекшісі полковник Ассими Гойта өзін президент деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Africa News басылымына сілтеме жасап.

Ассими Гойта премьер-министр Моктар Уан мен бұрынғы президент Мали Ба Ндау қамаудан босатылған соң бірнеше сағаттан кейін осындай мәлімдеме жасады.

Екі басшы дүйсенбіден бері әскери тұтқында болған. Бұл - Малиде тоғыз ай ішінде болған екінші төңкеріс.

Реклама
Реклама

Өзін президент деп жариялаған бұрынғы вице-президент Ассими Гойта сайлауды 2022 жылы өткізуге уәде берді. Малидегі бүгінгі жағдай шиеленісті, бірақ тыныш саналады.

Айта кетейік, Малиде уақытша үкімет 2020 жылы қыркүйекте бекітілген болатын. Өтпелі кезең бір жарым жылға созылуы керек еді, оның нәтижелері бойынша 2022 жылдың ақпанына дейін елде сайлау өткізілуі керек болған.

Екінші рет билікті басып алу министрлер кабинетіндегі ауыс-түйістен кейін болды. Кейін Ассими Гойта уақытша президент пен премьер-министрді қызметінен босатқанын айтты. БҰҰ елде болған оқиғаны билікті күшпен басып алу әрекеті деп атады және ұсталғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная