Мальта елде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқанын мәлімдеді

Мальта елде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұрғындардың 42 пайызы иммунизациядан өткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мальта елде коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасқанын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұрғындардың 42 пайызы иммунизациядан өткен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Денсаулық сақтау министрі Крис Ферн Times of Malta басылымына елде ұжымдық иммунитет қалыптасқанын мәлімдеген. Оның сөзінше, вакцина - коронавирусқа қарсы қару. 

Сонымен қатар, министрі дүйсенбіге қарай ел тұрғындарының 70 пайызына коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасы салынатынын айтты. 

Реклама
Реклама

Елде шілдеден бастап толық иммундалған адамдар көшеде маска тақпай жүруіне болады. Сонымен қатар, елде ауру өсімі азайған жағдайда шектеулер алынуы мүмкін.   

Мальтада вакцина 16 жастан асқандарға салынады. Pfizer/BioNtech, AstraZeneca, Moderna және Johnson & Johnson препараттары қолданылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама