Мальтада куәгер ұшақтың құлаған сәтін видеоға түсіріп алды

видеодан үзінді

Мальтаны? о?т?стігінде ?уе апатынан 5 адам ?аза бол?ан. ??лап жат?ан с?тті ку?гер видео?а т?сіріп алып, YouTube желісінде жарияла?ан. 

Мальтаның оңтүстігінде әуе апатынан 5 адам қаза болған. Құлап жатқан сәтті куәгер видеоға түсіріп алып, YouTube желісінде жариялаған. 

РИА Новости мәліметінше, жеңілмоторлы Metroliner ұшағы дүйсенбіде таңертеңгі уақытта ливиялық Мисратуға ұшып бара жатқан. Ол Мальтаның оңтүстік бөлігінде Лука қаласынан ұшып шыққан.

Реклама
Реклама

Осыған дейін, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Еуроодақтың шекара қызметкерлері болғаны хабарланған. Алайда, біраз уақыттан соң, қайтыс болғандардың барлығы Францияның азаматтары екені анықталған. 

"Бұл рейс ЕО-қа мүлдем қатысы жоқ", - деді Еуроодақ бас мәмілегері Федерика Могерини Twitter желісінде.

Куәгерлердің айтуынша, әуе апаты әскери бөлімнен 10 метр жерде болған. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ. Халықаралық Мальта әуежайының сайтында, қазіргі уақытта апаттың неліктен болғаны тексеріліп жатқаны жарияланған. Әуежай уақытша өз жұмысын тоқтатты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама