ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2018 | 15:16
Маман Керчь колледжіне шабуыл жасаған студенттің психологиялық портретін жасады
Қырым Федерал университетінің психология факультетінің деканы, профессор Евгений Черный Керчь колледжінде атыс шығарған студент Владислав Росляковтың психологиялық портретін жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Психологтың айтуынша, атыс шығарған студент кек алуды мақсат екен.
"Жігіттің мұндай әрекетке баруына өз-өзіне сенімсіз болуы, өзін-өзі төмен бағалауы, бойындағы жатырқаушылық және басқалардан шеттетілуі себеп болуы мүмкін", - дейді маман.
Оның айтуынша, студенттің мұндай қылмыс жасауға айтарлықтай себебі болмаған.
Осыған дейін Владислав Росляковтың атыс шығармас бұрын өзінің жеке заттарын өртеп, белгісіз бір сейфті көміп тастағаны жайлы хабарланған болатын.
Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды
Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. Бұл қылмысты жасады деген күдікті - төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған.
Показать комментарии
Читайте также