18 мамыр 2021 | 09:31

Мамандар вакцина салдырғандарды келесі екпеге дайын болуға шақырды

© Reuters

2021 жылы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдар 2022 жылы қайта вакциналауға дайын болуы керек. Бұл туралы Funke медиатобының басылымдарына берген сұхбатында Германияның вакцинация жөніндегі тұрақты комиссия басшысы профессор Томас Мертенс мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2021 жылы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған адамдар 2022 жылы қайта вакциналауға дайын болуы керек. Бұл туралы Funke медиатобының басылымдарына берген сұхбатында Германияның вакцинация жөніндегі тұрақты комиссия басшысы профессор Томас Мертенс мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle

"Вирус жоғалып кетпейді. Сондықтан қазіргі коронавирусқа қарсы вакцинация соңғысы емес. Біз келесі жылы вакцинацияға дайын болуымыз керек", - деді ғалым.

Германия Әлеуметтік-демократиялық партиясының денсаулық сақтау жөніндегі сарапшысы, бұрынғы эпидемиолог Карл Лаутербах вакцинациядан кейін иммундық қорғаныс алты айға созылатынын айтты. Сондықтан тұрғындар күзде қайта вакцинациядан өтуі керек, деді саясаткер.

Реклама
Реклама

Егер елде коронавирустың жаңа нұсқалары таралса, қазір бар вакциналар тиімсіз болады, жетілдірілген препараттармен вакцинацияны ертерек бастау керек, деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная