Манчестерде өзін-өзі жарып жіберген лаңкес терактіге бір жыл дайындалған - БАҚ

Манчестерде ?зін-?зі жарып жіберген ла?кес-?лімші Салман Абеди террористік актіге шамамен бір жыл бойы дайындал?ан. Б?л туралы Lenta.ru The Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Манчестерде өзін-өзі жарып жіберген лаңкес-өлімші Салман Абеди террористік актіге шамамен бір жыл бойы дайындалған. Бұл туралы Lenta.ru The Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, лаңкес шамамен бір жыл банктердің бірінде шот ашқан. Барлық қажетті заттарына кеткен ақша осы банктің шотынан аударылып отырған. Күдік туғызбас үшін ол тіпті екі рет Манчестердің сыртындағы елді мекенге барып, B&Q мен Screwfix дүкендерінен материалдар сатып алған. Жарылысқа болмай, тұрып бір апта бұрын Салман Абеди Манчестерге қайтып келіп, қала орталығынан пәтер жалдаған. Сол жақта жарылыс ұйымдастырған.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта Манчестердегі терактіге қатысы бар делінген алты ер адам мен бір әйел қамауға алынды. Бұл жайлы қалалық полицияның Twitter желісіндегі парақшасында жазылған. Соңғы күдікті Нанитон қаласында қамауға алынды.

Еске сала кетейік, 23 мамырда Ұлыбританияның "Манчестер Арена" стадионында екі жарылыс болып, 20 адам қаза тапқан болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама