Мас дәрігер дәрменсіз жатқан әйелді ауруханада зорлаған

Мас дәрігер дәрменсіз жатқан әйелді ауруханада зорлаған

Ресейді? Подольск ?аласында д?рігер-реаниматолог д?рменсіз нау?асты зорла?аны ?шін сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Ресейдің Подольск қаласында дәрігер-реаниматолог дәрменсіз науқасты зорлағаны үшін сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Тергеудің мәліметінше, 2017 жылдың 5 қаңтарына қараған түні айыпталушы ауруханада кезекшілікте жүріп, алкоголь ішіп, 43 жастағы науқас әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Әйел дәрменсіз күйде жатқандықтан оған қарсылық көрсете алмаған. 

"Подольск қалалық №2 ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігеріне қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Ол әйелге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасады деп айыпталып отыр. Айыптау қорытындысы бар қылмыстық іс сотқа жолданды", - делінген тергеу комитетінің хабарында. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, дәрігерге алаяқтық бойынша айыптар тағылып отыр. Тергеу барысында дәрігердің 2016 жылдың сәуір және шілде айларында науқастардың туыстарын алдап, сеніміне кіре отырып, медициналық көмек көрсеткені үшін ақша талап еткен делінеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама