ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2020 | 09:45
"Мәселенің бер жағы ғана". Ғалым Ухан зертханасында табылған вирустармен күресуге шақырды
Ухан вирусология институтында табылған вирустар - бұл мәселенің бер жағы ғана. Жаңа жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу үшін олардың зерттеуін жалғастыру қажет. Бұл туралы CGTN-ге берген сұхбатында институттың жетекші сарапшыларының бірі Ши Чжэнли айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ухан вирусология институтында табылған вирустар - бұл мәселенің бер жағы ғана. Жаңа жұқпалы аурулардың өршуіне жол бермеу үшін олардың зерттеуін жалғастыру қажет. Бұл туралы CGTN-ге берген сұхбатында институттың жетекші сарапшыларының бірі Ши Чжэнли айтты.
"Егер біз адамзатты жаңа жұқпалы аурулардан қорғағымыз келсе, тасымалдаушысы жабайы жануарлар саналатын осы белгісіз вирустарды зерттеуді қолға алуымыз керек. Сонымен қатар, біздің болашақта қосымша дәрі-дәрмектеріміз, эпидемияның алдын алу мен бақылау үшін реагенттеріміз болуы керек", - деді зерттеуші.
Ши Чжэнли жарғанаттар туралы ғылыми зерттеулерімен танымал. Еңбек жолында ол осы жануарлардың ағзаларында коронавирустың шамамен 1500 түрін тапқан.
Вирусолог белгісіз патогендерді зерттеу бойынша жұмысын жалғастыратынғын, өйткені табиғатта көптеген вирустың тасымалдаушысы бола алатын жарғанат пен басқа да жануарлардың көптеген түрлері бар екенін айтты.
"Біз тапқан вирустар шынында да мәселенің бер жағы ғана... Бұл вирустар табиғатта бар. Егер біз оларды зерттемесек, онда тағы бір індет пайда болуы мүмкін, ал біз оларды білмейміз. Қазір істеп жатқан жұмысымыз - вирус бізді таппай тұрып, біз вирусты табу", - деді ғалым.
Сарапшы елдерді вирустармен күресте халықаралық ынтымақтастыққа шақырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также