ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2021 | 15:46
Mash басылымының журналистері Навальныйдың соты өтіп жатқан ғимарат маңында ұсталды
Ресейлік Mash басылымының екі журналисі оппозиционер Алексей Навальныйдың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан Мәскеудегі ғимарат алдында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейлік Mash басылымының екі журналисі оппозиционер Алексей Навальныйдың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан Мәскеудегі ғимарат алдында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады.
"Мәскеу қалалық сотының ғимараты алдында Mash басылымында жұмыс істейтін екі журналист ұсталды", - делінген Mash арнасының хабарламасында.
Алексей Навальныйдың ісі бойынша тыңдау басталған сәтте ғимарат маңында журналистерді ұстап жатқаны туралы видео жарияланды. Видео кадрларынан арнайы жасақ сарбаздарын көруге болады. Олардың бірі журналистерден қызметтік куәлік сұрап, кейін жанындағы сарбаздарға БАҚ қызметкерлерін көлікке апаруды бұйырады.
Айта кетейік, бұған дейін Mash бас редакторының орынбасары Сергей Титовтың Геленджик маңындағы "Путин сарайы" туралы соңғы жарияланымдардан кейін жұмыстан босатылуы туралы хабарланған болатын.
Журналист Mash құрамына кіретін холдингке және бас редактор Максим Иксановқа құрметпен қарайтынын атап өтті. Бірақ, Титовтың айтуынша, "мұның бәрін олар емес, жоғарыдағылар шешкен".
"Мен Mash-тың беделі, ұяты туралы бәрін түсінемін. Бірақ біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Видеоларды көрдіңіздер. Талантты адамдардың жұмысы, ұйқысыз түндерім, шетелдік оқиғаларды талдау, біздің барлық уайымымыз бен еңбегімізді жоққа шығарды...", - деп жазды ол Telegram-арнасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также