Маск Путинді әңгімелесуге шақырды

Фото © REUTERS

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Ресей президенті Владимир Путиннің Twitter-дегі парақшасындағы ресми аккаунтына екі тілде жүгініп, оны Clubhouse әлеуметтік желісінде сөйлесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менімен Clubhouse-та әңгімелесуге қалай қарайсыз?", - деп жазды Маск Twitter-парақшасында, бұл жазбасында ол Ресей басшысының ағылшын тіліндегі аккаунтын (@KremlinRussia_E) белгіледі.

Кейін Маск Путинге орысша жазып, "сөйлесу үлкен мәртебе" болатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Clubhouse - тек аудио-хабарламаға арналған қосымша. Әлеуметтік желіде "бөлмелер" мен "кабинеттер" бар, қолданушылар онда әр түрлі тақырыпты талқылай алады, ал тыңдаушылар әртүрлі әңгімеге "кіріп", "шыға" алады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама