26 мамыр 2022 | 09:03

"Масқара болдым". Ұлыбритания премьері отставкаға кетуден бас тартты

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 2020 жылдың жазында коронавирус шектеулері кезінде кеш ұйымдастырғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 2020 жылдың жазында коронавирус шектеулері кезінде кеш ұйымдастырғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Reuters.

Оппозициялық саясаткерлер мен оның кейбір жақтасы Борис Джонсонды Даунинг-стрит кеңсесінде COVID-19 ережелерін бұзып, алкогольдік кештер ұйымдастырғаны үшін отставкаға кетуге шақырған.

"Мен 2020 жылдың 19 маусымында ланч кезіндегі жиналыс үшін Парламенттен, бүкіл елден тағы да кешірім сұраймын, сол кезде айыппұл төлегенмін. Сонымен қатар, сол кезде болған барлық жағдай үшін толық жауапкершілікті өз мойныма алатынымды атап өткім келеді. Мен масқара болдым және сабақ алдым", - деді ол министрлер кабинетінің хатшысы Сью Грей бастаған ішкі тергеу есебін жариялағаннан кейін парламентте сөйлеген сөзінде.

Реклама
Реклама

Джонсон бұл оқиға үшін жауапты екенін мойындайтынын, бірақ отставкаға кетпейтінін немесе COVID-кездесулерге қатысы бар ешкімді жұмыстан шығаруды жоспарламайтынын айтты. Ұлыбритания премьер-министрінің пікірінше, жіберілген қателіктерге қарамастан, экономиканы қолдауға назар аударып, алға жылжитын уақыт келді.

Еске салайық, ұлыбританиялық саяси элитаның кештері COVID-19 пандемиясы кезінде бірнеше рет өткен, соған байланысты жанжал Partygate деп аталған. Полиция мәліметінше, Джонсон осындай кем дегенде алты іс-шараға қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная