15 маусым 2021 | 17:41

Мәскеу мэрі COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Соңғы күндері COVID-19 жұқтыру дерегі күрт көбейгенін көріп отырмыз, шамамен 80 пайыз, ал Мәскеу ауруханаларына ауыр жағдайда түскендер саны 70 пайызға артты... Мәскеуліктер босаңсып кетті. Еуропада бір жарым ай бұрын эпидахуал нашарлап кеткен еді, ал бүгін бізде жағдай өте ауыр. Бұл алғаш рет сәуір-мамырда тіркеліп, желтоқсанда шыңына жеткен жағдайдан да көп. Жеңетінімізге сенімдімін", - деді Собянин № 15 Қалалық клиникалық ауруханадағы коронавирус стационарына барған кезде.

№ 15 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Валерий Вечорконың айтуынша, клиника дәрігерлері төрт ай бойы 22 мыңнан аса науқасты қабылдаған. "Дәрігер ретінде айтамын. Неғұрлым көп адам вакцина алса, соғұрлым тезірек бұл жағдайдан шығамыз", - деді Вечорко.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Мәскеу мэрі COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін қосымша төрт мың төсек бар екенін айтты. Жалпы саны 16 мыңға жеткен.

Айта кетейік, Мәскеуде 15-19 маусым коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жұмыс істемейтін күндер деп жарияланған.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде COVID-19 жағдайының саны бір тәулікте 14 185-ке, 5 236 593-ке дейін өскен. Ең көп дерек Мәскеуде - 6 805, Мәскеу облысында - 1 135, Санкт-Петербургте - 902 тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная