Мәскеу облысында Қазақстанның үш азаматы өлі табылды

© News22.ru

М?скеу т?біндегі Чехов ауданында ?аза?станды? ?ш азамат фурада ?лі табылды, деп хабарлады НТВ облыс бойынша ІІД Бас бас?армасына сілтеме жасап.

Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында Қазақстандық үш азамат фурада өлі табылды, деп хабарлады НТВ облыс бойынша ІІД Бас басқармасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, автомобиль бұл ауданның территориясына жүк тиеу үшін Қазақстаннан барған. "2018 жылы 24 ақпанда Чехов ауданы Новоселки ауылындағы қойманың территориясында тұраққа қойылған фураның кабинасынан үш ер адамның денесі табылды, зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Кабинадан газ жанарғысы табылды, ер адамдар оны жылыну үшін пайдаланғанға ұқсайды. Ер адамдар газға уланып қайтыс болуы мүмкін, алайда өлімнің нақты себебі сараптаманың нәтижесі бойынша анықталады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөзінің айтуынша, қайтыс болғандардың жасы - 35-40. Олардың біреуінің кім екені анықталды. Фурадағы мәйіттердің жанынан газ жанарғысынан бөлек спирттік ішімдіктердің бөтелкелері табылды. Мәйіттердің табылу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама