17 тамыз 2021 | 16:14

Мәскеу түбінде әскери ұшақ құлады: оқиғаның видеосы

Дина Шарипханова Корреспондент

Ресейде "Кубинка" аэродромынан ұшып шыққан Ил-112В ұшағы Никольское ауылы маңында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде "Кубинка" аэродромынан ұшып шыққан Ил-112В ұшағы Никольское ауылы маңында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Біріккен авиация корпорациясы (БАК) мәліметінше, Ил-112В жеңіл әскери-көлік ұшағының прототипі "Кубинка" аэродромынан Жуковскийге ұшу кезінде Никольское ауылы маңында апатқа ұшыраған.

"Сағат 11.18-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.18-де. - ескерт.) "Кубинка" аэродромынан Жуковскийге ұшу кезінде Ил-112В жеңіл әскери ұшағы Никольское маңындағы орман белдеуіне құлады", - деді корпорация өкілі.

Реклама
Реклама

Дәл осындай ақпаратты РИА Новостиге авиациялық индустриядағы дереккөз хабарлаған. Мәлімет бойынша, борт "Кубинкадан" Громов атындағы ұшу-зерттеу институтының (Жуковский) "Раменское" эксперименттік аэродромына бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Ил-112В экипажы қаза болған.

Ил-112В жеңіл әскери-көлік ұшағы жеке құрамды, қаруды, жеңіл әскери техниканы және басқа салмағы 5 тонна болатын жүктерді тасымалдауға және әуеде қонуға арналған. 

Шілдеде вице-премьер Юрий Борисов Ил-112В құру мәселелерін біртіндеп шешуге болатынын айтты. Бұған дейін ұшақтың тым ауыр екені туралы бірнеше рет хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная