Мәскеуде 16 мамырда ҰҚШҰ саммиті өтеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: odkb-csto.org

16 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

16 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл - көшбасшылардың кездесуі және таңғы ас форматындағы жеке әңгіме. Шара қорытындысы бойынша (ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав) Зась пен (Армения премьер-министрі Никол) Пашинян журналистерге ақпарат береді деп күтеміз", - деді Песков, Армения қазір ұйымның төрағасы екенін еске салып.

Еске салайық, 10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысқан болатын. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталып, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері, Армения, Қырғызстан премьер-министрлері және ҰҚШҰ бас хатшысы қатысты.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама