ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2020 | 09:32
Мәскеуде қылмыс әлемінің 30 серкесі ұсталды
Мәскеудің солтүстігіндегі дәмханада полиция қылмыс әлемінің серкелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәскеудің солтүстігіндегі дәмханада полиция қылмыс әлемінің серкелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Алтуфьев тасжолында орналасқан ғимаратта шамамен 30 адам болған. Операция барысында 1 адам қарсылық көрсеткен. Салдарынан оған оқ тиген.
"РЕН ТВ" телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдары дәмханада 80-нен 100 адамға дейін жиналғанын анықтаған. Олардың этникалық қылмыс топтармен байланысы болған.
Олар дәмхананың есігін 2 сағаттан соң өз еркімен ашыпты. Полиция қылмыс әлемінің серкелерінен рұқсаты бар 4 травматикалық тапаншаны тәркілеген. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция бөліміне 20-дан аса адам жеткізілген.
Показать комментарии
Читайте также