11 наурыз 2019 10:14

Мәскеуде маугли қыз табылған пәтердің видеосы жарияланды

Видео кадрынан

Ресей федерациясының Тергеу комитеті мәскеулік бір пәтердің видеосын жариялады, мұнда кішкентай қыз жалғыз өзі тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей федерациясының Тергеу комитеті мәскеулік бір пәтердің видеосын жариялады, мұнда кішкентай қыз жалғыз өзі тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видеода кішкентай қыз жалғыз тұрған пәтердің іші қоқысқа толғанын, жуылмаған ыдыстар, бұзылған техника мен жиһаздарды көруге болады. Балкон есігін қоқыстар жауып тастаған, ал терезе көптен бері жуылмаған.

Реклама
Реклама

Бұған дейін мәскеулік ІІМ бас басқармасының баспасөз қызметі пәтердің есігі көршілердің шағымынан соң бұзып ашылғанын хабарлаған еді. Пәтерден бір қыз табылды, ол қазір медициналық мекемеде.

Тергеушілердің мәліметі бойынша, қыз бала тәбетсіздікпен ауырады. Сонымен қатар, онда әлеуметтік дағдылар жоқ екені байқалады: кей БАҚ өкілдері оны Маугли атап кеткен.

Зардап шеккен қыздың анасы ұсталды, қазір одан тергеушілер жауап алып жатыр. Оған қатысты "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша іс қозғалды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram