Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды © РИА Новости

Мәскеу мэрі Сергей Собянин маска тағу режимін алып тастады. Шектеу шарасы 15 наурыздан бастап жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин маска тағу режимін алып тастады. Шектеу шарасы 15 наурыздан бастап жойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты түрде жақсаруы көптен күткен шешімді қабылдауға мүмкіндік берді. Сейсенбі, 2022 жылдың 15 наурызынан бастап маска тағу талаптарын алып тастаймыз", - деп жазды ол өз блогында.

Сонымен қатар, Мәскеу мэрінің жарлығы бойынша, белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті шектеу шаралары алып тасталады: жұмысшылардың дене қызуын үнемі өлшеу, жұмыс орындарын бөлу және т.б.

Реклама
Реклама

"Қазіргі жағдайда бұл шешім қатаң санкциялық қысымға ұшыраған бизнеске қолдау болады", - деді Собянин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама