Мәскеуде Навальныйдың соты өтіп жатыр

© REUTERS

Мәскеуде Алексей Навальныйдың соты өтіп жатыр. Сотта шартты мерзімді алып тастау және оны нақты мерзімге ауыстыру мәселесі қарастырылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеуде Алексей Навальныйдың соты өтіп жатыр. Сотта шартты мерзімді алып тастау және оны нақты мерзімге ауыстыру мәселесі қарастырылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Преображенская площадь" метро бекетінің жанында Росгвардияның бірнеше көлігі мен полицейлер тұр. Ерекше мақсаттағы милиция жасағының сарбаздары сотқа кіретін жолды жауып тастады. Тек сот қызметкерлері мен сол ауданда тұратындарды кіргізіп жатыр. 

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, сотқа шетелдік елшілік өкілдері де қатысып жатыр. Ғимарат алдында дипломатиялық нөмірі бар бірнеше көлік тұр. Олар мына елдерге тиесілі: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Польша, Дания, Латвия, Литва, Швеция, Германия, Австрия, Чехия, Жапония, Финляндия, Норвегия және Болгария.

Реклама
Реклама

Сот залында Навальныйдың әйелі Юлия да отыр. 

Жалпы Навальныйдың сот отырысына 15 елшіліктің қызметкері мен 80 ресейлік және шетелдік журналист қатысады деп болжанған. 

Сот әлі жалғасып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама