Мәскеуде ресейлік армия генералы отырған көлік жарылып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Мәскеуде ресейлік армия генералы отырған көлік жарылып кетті Фото: t.me/shot_shot

Мәскеуде тұрғын үй ауласында автокөлік жарылып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеуде тұрғын үй ауласында автокөлік жарылып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасының басшысы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс 22 желтоқсанда таңертең Ясеневая көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігі жүргізуші ішіне отырып, бірнеше метр жүргеннен кейін жарылып кеткен. Жарылыс салдарынан кемінде жеті автокөлікке зақым келген.

Реклама
Реклама

РФ Тергеу комитетінің ресми пікірі

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті әскери қызметкерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, автокөліктің астына жарылғыш құрылғы орнатылған, ол қашықтан іске қосылған.

"Ресей Қарулы күштері Бас штабының Жедел даярлық басқармасы басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров алған жарақаттарынан қаза тапты", - деп хабарлады ведомство.

Тергеу барысында қылмыстың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Солардың бірі - қылмысты Украина арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы мүмкін деген болжам.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама