Мәскеуде сәбидің басын кесіп алған әйел ұсталды

"РЕН ТВ" кадры

Мәскеуде сәбидің басын кесіп алған әйел метро станциясының маңында ұсталды, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы "Москва" агенттігіне сілтеме жасап. Қара киім киіп алған әйелдің қолында сәбидің басы болған. Алдын ала болжам бойынша, ол баланы бауыздап, кейін үйді өртеп жіберген. Агенттікке бұл туралы құзырлы органдардың өкілдері хабарлаған.

Ал "РЕН ТВ" телеарнасының мәліметінше, әйел көшеге шығып, өзін жарып жіберетінін айтып, қорқытқан. 

Өрт бүгін, 29 ақпанда, таңғы уақытта Народное Ополчение көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарды. Төрт адам құтқарылды. Оқиға орнында табылған бала шамамен 3-4 жас шамасында. 

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдары оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама