ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2021 | 15:06
Мәскеуде театрға барған оқушы көзін күйдіріп алды
Мәскеуде театр қойылымына барған 13 жастағы мектеп оқушысының оң жақ көз торын күйік шалған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәскеуде театр қойылымына барған 13 жастағы мектеп оқушысының оң жақ көз торын күйік шалған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Жәбірленушінің анасы Ирина Ворошилованың айтуынша, оқиға қаңтарда Тверь бульварындағы Пушкин атындағы Мәскеу драма театрында болған. Қойылым кезінде оның екі ұлының біреуіне лазерлі таяқша арқылы сәуле түсірген.
"Балалар көрермен смартфон қарап отырмасы үшін жасалған деп ойлапты", - деп түсіндірді әйел.
Бір күннен кейін бала оң көзінің көрмейтінін және ауырып тұрғанын айтқан. Мектеп оқушысын офтальмолог қарап, ауруханаға жатқызды. Дәрігер балаға көздегі макулярлы аймақтың радиациялық күйігі диагнозын қойды.
Жәбірленушінің анасы полиция мен Мәдениет министрлігінен театрда тексеру жүргізуді сұрады. Ол қойылым кезінде заңбұзушылық дерегі болғанын дәлелдеу үшін қорғаушы жалдаған. Мәскеу прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также