Мәскеуде төрт жасар сәбиді өлтірген бала күтуші қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, ем алуға жіберілді

М?скеуде т?рт жасар ?ызды ?лтірді деп айыптал?ан Г?лчехра Бобокулова есімді бала к?туші ?ылмысты? жауапкершіліктен босатылып, психиатрлы? ем алу?а жіберілді, - деп жазады РИА Новости.

Мәскеуде төрт жасар қызды өлтірді деп айыпталған Гүлчехра Бобокулова есімді бала күтуші қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, психиатрлық ем алуға жіберілді, - деп жазады РИА Новости.

Тергеу мәліметінше, жантүршігерлік оқиға Мәскеуде ақпан айында болған. Өзбекстандық бала күтуші сәбидің ата-анасы үлкен баласымен бірге үйден кететін уақытын күтіп отырған. Содан бала күтуші төрт жасар сәбиді өлтіріп, кейіннен пәтерді өртеп жіберіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, әйел үйді өртеп жіберген соң, шамамен 20 минуттай аулада сәбидің кесілген басын ұстап, өз-өзімен сөйлесіп, полицейлер мен өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.

Қылмыстық іс аясында кешенді стационарлық психиатрлық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысы 39 жастағы Бобокуловада психикалық ауытқулардың бар екенін көрсеткен.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, өзбекстандық бала күтушінің аудармашысы Гүлчехра Бобокулованың кінәсін мойындағанын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама