Мәскеуде жаппай төбелестен соң 50 мигрант ұсталды

© РИА Новости

Ресей астанасында?ы "Москва" сауда орталы?ыны? алдында с?рсенбі к?ні кешкі уа?ытта бол?ан ?а?ты?ыстан кейін 50-ден аса адам ?стал?ан, - деп хабарлайды РИА Новости ???ы? ?ор?ау органдарында?ы дерекк?зге сілтеме жасап.

Ресей астанасындағы "Москва" сауда орталығының алдында сәрсенбі күні кешкі уақытта болған қақтығыстан кейін 50-ден аса адам ұсталған, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Нәпақа табу үшін шекара асып келгендер мен күзетшілер төбелескен делінеді, алайда полиция қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіпті. Дереккөздің мәліметінше, қақтығысқа сауда орталығының күзетшілерінің осында жүк көтеруші болып жұмыс істейтін мигрантты ұрып жібергені себеп болған.

Құқық қорғау органдары сауда орталығында болған қақтығысты "тұрмыстық сипатта" деп атай отырып, оқиғаны растады. 

Реклама
Реклама

"Қақтығысқандар полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді кезекші офицер. 

Басылым дереккөзінің мәліметінше, 50-ден аса адам ұсталған. Қазіргі уақытта көші-қон есебі бойынша тексеріс жүріп жатыр екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама