Мәскеудегі дауылдан қаза тапқандардың саны артты

© REUTERS

М?скеуде бол?ан дауылды? салдарынан ?аза тап?андарды? саны 13-ке, ал зардап шеккендерді? саны 125 адам?а жетті, - деп хабарлайды Life.ru.

Мәскеуде болған дауылдың салдарынан қаза тапқандардың саны 13-ке, ал зардап шеккендердің саны 125 адамға жетті, - деп хабарлайды Life.ru.

86 жастағы Виталий Степанович Ильиннің үстіне ағаш құлаған. Ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Сонымен қатар, үш жасар Василисаның ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Ол ауыр жағдайда ес-түссіз жатыр.

Кейінірек 14 жастағы Ильяның ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Cондай-ақ, қолайсыз ауа райынан зардап шеккендердің қатарында Беларусь азаматы 40 жастағы ер адам бар.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше, 29 мамырда Мәскеуде алапат дауыл тұрған еді. Жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен жел 600-ден аса ағашты құлатып, шатырларды ұшырып әкетті, қақпалар мен жарнама құрастырмасын қиратқан болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама