23 шілде 2019 | 10:54

Массажға барған жүкті әйел комаға түсіп, қайтыс болды

© Telemundo

Таиланд солтүстігіндегі Чиангмай қаласында жүкті әйел аяғына массаж жасатуға барып, комаға түскен және жарты жылдан соң қайтыс болған, - деп хабарлайды The Mirror.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таиланд солтүстігіндегі Чиангмай қаласында жүкті әйел аяғына массаж жасатуға барып, комаға түскен және жарты жылдан соң қайтыс болған, - деп хабарлайды The Mirror.

11 қаңтарда 25 жастағы Вираван Кедкесри табанына және балтырына массаж жасау кезінде есінен танып қалған. Оны дереу ауруханаға жеткізген. Жедел жәрдем каретасында науқас инсульт алып, жүрегі тоқтап қалған, соның салдарынан оның баласы шетінеген. Дәрігерлер өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген диагноз қойған. 

Реклама
Реклама

Кедкесри комаға түскен, жарты жылдан соң оның туыстары әйелдің қайтадан қалпына келу мүмкіндігі жоқ екенін айтқан. Осылайша, 19 шілдеде өмір сүруді қамтамасыз ету құрылғысынан ажыратқан. "Бізге бұл шешімді шығару ауыр болды. Алайда оның рухы тыныш болады", - дейді әпкесі Чайват Камя.

Жергілікті полиция массажшы Сутаньи Кавиге айып тақты. Таиланд билігінің пайымдауынша Кавидің жүкті әйелдерге массаж жасау тәжірибесі болмаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная