ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2022 | 08:49
Майк Тайсон ұшақта қасындағы жолаушыны соққыға жықты
Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқанында ұшақ жолаушысын соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TMZ Sports басылымына сілтеме жасап.

20 сәуірде болған оқиға видеоға түсіп қалған. Басылымның мәліметінше, Тайсон ұшаққа мінер алдында жанкүйерлерімен бірге суретке түскен. Алайда оның артында отырған жас жігіт спортшымен сөйлесуге тырысып, артынан ілесіп қалмай қояды. Ол өзін әдепсіз, тіпті дөрекі ұстаған. Тайсон одан сабыр етуін өтінген, бірақ ол сөздер әсер етпеген соң көршісін бірнеше рет жұдырығымен түйіп жібереді.
Жанжал салдарынан жолаушы дене жарақатын алған. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін полицияға хабарласқан.
55 жастағы экс-чемпионның өкілдері шабуылды жолаушының өзі тудырғанын айтты. Ол өзін агрессивті ұстаған, мас болған және Тайсонға бөтелкедегі су лақтырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также