23 мамыр 2022 | 06:17

Майк Тайсон ұшақтағы төбелеске алғаш рет пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:instagram.com/miketyson

Майк Тайсон ұшақтағы төбелеске алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды TMZ Sports басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Майк Тайсон ұшақтағы төбелеске алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды TMZ Sports басылымы.

Еске салайық, бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшатын ұшақта жолаушыны соққығы жыққан болатын. Желіде жанжал видеосы тарады

"Мен ол жігітпен суретке түстім, өзін әдепсіз ұстады. Әйелім осындай жағдайлар болмас үшін қоғамдық рейстермен ұшпауға шақырады. Бұдан былай есімде болады, себебі адамдардың әдепсіздігі шектен шығып кетеді", - деді Тайсон. 

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, Тайсон ұшаққа мінер алдында жанкүйерлерімен бірге суретке түскен. Алайда оның артында отырған жас жігіт спортшымен сөйлесуге тырысып, артынан ілесіп қалмай қояды. Ол өзін әдепсіз, тіпті дөрекі ұстаған. Тайсон одан сабыр етуін өтінген, бірақ ол сөздер әсер етпеген соң көршісін бірнеше рет жұдырығымен түйіп жібереді.

Жанжал салдарынан жолаушы дене жарақатын алған. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін полицияға хабарласқан.

55 жастағы экс-чемпионның өкілдері шабуылды жолаушының өзі тудырғанын айтты. Ол өзін агрессивті ұстаған, мас болған және Тайсонға бөтелкедегі су лақтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная