ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2021 | 14:07
McAfee негізін қалаушының Испания түрмесіндегі өлім себебі аталды
Сот-медициналық сараптама мамандары McAfee компаниясының негізін салушы және белгілі вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы жасаушы Джон Макафидің Испания түрмесіндегі өлімінің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот-медициналық сараптама мамандары McAfee компаниясының негізін салушы және белгілі вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы жасаушы Джон Макафидің Испания түрмесіндегі өлімінің себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Денені ашу кезіндегі алдын-ала қорытындыдан Макафидің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.
"Денені ашу кезіндегі алдын-ала қорытынды белгілі вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы жасаушы Джон Макафидің түрмеде өз-өзіне қол салғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Адвокат Хавьер Вильяльбтің айтуынша, Макафидің әйелі тәуелсіз сараптаманы қайта жүргізуді талап еткен. Дженис Макафи күйеуінің суицид жасауы мүмкін емес екенін айтып, оның өліміне АҚШ билігін кінәлады.
Джон Макафидің өлімі туралы 23 маусымда хабарланған еді. País испаниялық газетінің тілшісі Макафидің Каталониядағы Сант-Эстеве-Сесровирес муниципалитетінің түрмесінде өз-өзіне қол салғанын жазған. Кейінірек Макафидің Twitter-де өз өлімі жайлы жазба қалдырғаны белгілі болды.
Макафиге АҚШ халықаралық іздеу жариялаған. Ол 2020 жылдың қазанында Ыстанбұлға бара жатқан кезінде Барселона әуежайында тұтқындалған. Құрама Штаттарда Макафи криптовалютаны дамыту, кеңес беру мен жұрт алдында сөз сөйлеу, биографиялық деректі фильмдерге құқықты сату негізінде миллиондаған доллар табыс тауып, салық декларациясын бермегені үшін айыпталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также